«КҚК-К» АҚ мұнай айдау станцияларында жұмыс ауысыммен жүргізілді. Бірақ карантин кезеңінде маңызды шешімдердің бірі вахталық әдіске көшу болды – алдымен екі апталық, содан кейін 28 күндік. Іссапар барысында қызметкерлер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, арнайы жалға алынған қонақүй кешенінде тұрды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ Бас директоры Николай Горбань 2020 жылы консорциум жұмысының ең қиын кезеңін есіне алды.

«Ауру шыңына жеткенде «Теңіз», «Исатай» және «Құрманғазы» МАС-да ең қатаң режим енгізілді - вахталар 56 күнге дейін созылды, қазір бұл станцияларда эпидемиологиялық жағдайдың орнығуына байланысты 28 күндік вахта бекітілді. Атыраудағы бас кеңсенің қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылды: алдымен 50%, ал жағдай күрделене түскенде – кеңсенің барлық ұжымы. Қазіргі уақытта Атыраудағы кеңсе қызметкерлерінің 80%-ы қашықтан жұмыс істейді. Компанияның IT-қызметтерінің үйлесімді жұмысының арқасында нәтижелі жұмыс қамтамасыз етілді», - деді компания басшысы өз әріптестерінің еңбегін атап өтіп.

Станция ішіндегі ауысымдардың бөлінуі және жұмыс күні әртүрлі қызметтердің қызметкерлерінің байланысын барынша шектеу, азық-түлік жеткізе отырып, бөлек тамақтану және карантиндік шараларды сақтау ықтимал қауіпті жағдайды еңсеруге септігін тигізді.