2020 жылдың І жартыжылдығында несие сомасы 239 млрд теңге болатын 6,8 мың жобаға қолдау көрсетілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Даму» қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Фархат Сәрсекеев мәлімдеді. Спикер «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына жеке тоқталды. Оның шеңберінде кәсіпкерлер кепілдік қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда кепілдік ала алады және сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды.

Сәрсекеевтің айтуынша, бағдарлама жүзеге асырылған кезеңде 16 млрд теңгелік 139 жобаға қолдау көрсетілді. Екінші деңгейлі банктер тағы 10 жобаны мақұлдады және 21 жоба қаралуда. Субсидиялау бойынша құны 154 млрд теңгелік 337 жобаға қолдау көрсетілді.

«Даму» қоры төтенше жағдай режимі кезінде және карантин енгізілген сәттен бастап қазақстандық бизнес үшін мемлекеттік қолдау шараларын тоқтатқан жоқ. 16 наурыздан бастап «Даму» қоры жалпы сомасы 101 млрд теңге болатын 1 294 жобаға субсидия және кепілдік берді. 16 наурыздан 25 мамыр аралығында Қор жаңа жобалармен қатар, жалпы сомасы 467 млрд теңге болатын 6 091 жобаны қарап, қайта құрылымдауды ұсынды», - деді Қор өкілі.

Карантин кезеңінде өтінімдерді egov.kz және online.damu.kz порталдары арқылы онлайн қабылдау жалғасуда.