Дәрі-дәрмектің шекті бағасын бақылау бойынша мониторингтік топтар өз міндеттеріне кірісті. Олардың жұмысының алғашқы нәтижелері бар. Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: «Әркім өзі үшін қауіпті нәрсені анықтау керек: ақша немесе денсаулық?»

«Нарықта алыпсатарлық немесе әлеуметтік желілер арқылы сатылған әрбір медициналық препарат бақыланады, дезинфекциялық құралдар мен маскаларды қайта сату алыпсатарлығы жазаланады. Өйткені, қайта сатып алу кезінде бұл препараттар қажетті температуралық режимде ұсталмайды, күмәнді жерлерде сақталады. Сондықтан өз қасиеттерін өзгерту қаупі бар. Лицензиясыз сату жеке және заңды тұлғалар үшін 70-тен 400 АЕК-ке дейін қатаң жазаланады», - деп түйіндеді еліміздің бас дәрігері.