Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағылар коронавирустық инфекцияны жұқтыру мен статистикасы бойынша Қазақстандағы жағдайды біледі.

Науқастардың үштен бірі соңғы 2 аптада тіркелген, бірақ жағдай тұрақталып келеді, - деді доктор Дерит Нитцан. ДДСҰ Еуропалық бюросының Төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Копенгагеннен Орталық коммуникациялар қызметінің студиясымен тікелей байланысқа шықты. Спикер 1 тамыздан бастап аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтарын қолдануды жоспарлап отырған қазақстандық әріптестерін қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, Дерит Нитцан бұл әдістің сырқаттанушылық деңгейін арттырмай, көрсеткіштердің өзгеруіне алып келетініне баса назар аударды.

«Өте маңызды бір жайтты түсіндіріп өтуге рұқсат етіңіздер – қайта жіктеу COVID-19 жұқтыру жағдайларының көбеюін көрсетуі мүмкін. Мұндай күрт өсім тек ауысу кезінде ғана орын алады. Бірақ бұл сырқаттанушылық жағдайларының көбеюі емес, ескі базадан алынған деректер жаңа базаға көшіріліп, қайта жіктеледі», - деп түсіндірді спикер.> береді.

Есепке алу тәсілдерінің өзгеруі коронавирустық инфекцияны жұқтыру және өлім-жітімнің халықаралық рейтингінде Қазақстанның позициясының нашарлауына әкелуі мүмкін екендігін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да айтқан болатын. Алайда, мұндай тәсіл сырқаттанушылық бойынша болжамдар жасауға және ресурстарды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Бұл Қазақстанның, көрші елдер мен Еуропаның әрбір азаматына өте маңызды үндеу. Еркіндікке бой алдырмаңыздар. Вирус таралуда және оны тоқтату үшін барлықтарыңыздың көмектеріңіз керек. Мемлекеттің, медицина қызметкерлерінің және азаматтық қоғамның. Қазір вирусты жеңу үшін әрекет ету керек. ДДСҰ сіздерді қолдайды және ел және бүкіл әлем халқының денсаулығын қорғау үшін тығыз жұмыс істейтін болады», - деді Дорит Нитцан.