Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 8,6 мың пациент ем алуда, соның ішінде ауыр және өте ауыр жағдайда 256 ересек пациент, ӨЖЖ - 178 COVID-19 бар пациент. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде вице - министр Ажар Гиният мәлімдеді.

Оның ақпараты бойынша, маусым айында ӨЖЖ аппараттарымен толық қамтамасыз ету үшін қолда бар 3,3 мың аппаратқа қосымша 978 аппарат сатып алынды.

Қазіргі уақытта тағы 1 000 бірлік аппарат сатып алу рәсімі жүргізілуде. Бұдан басқа, оксигенотерапияны үздіксіз қамтамасыз ету үшін 4 мың оттегі концентратын сатып алу жоспарлануда.