СИМ Ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров осындай статистиканы жария етті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі бойынша мамырдан қыркүйекке дейін бағаның төмендегенін атап өтті. Ал 1 қазандағы жағдай бойынша бағалар 4,2%-ға өсті.

«Сауда және интеграция министрлігі Сауда қызметін реттеу туралы Заңға және ішкі сауда ережелеріне сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеуді ғана жүзеге асырады. Бизнес субъектілері басқа тауарларға бағаны өздері белгілейді. Бірақ бірқатар шаралар қабылдануда. Оның ішіндегі тиімділердің бірі - өңірлерде тұрақтандыру қорларын қалыптастыру. 1 қазандағы жағдай бойынша, оларда 25 мың тонна азық-түлік қоры қалыптастырылған. Бұдан басқа, тағы 30 мың тонна азық-түлікке «форвардтық шарттар» жасалды. Тұрақтандыру қорлары 2019 жылдан бастап сатып алу және сату бойынша еркін әрекет ете алады және бүгінгі күні бұл бағаны ұстап тұрудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады. Екінші құрал - кәсіпкерлік және сауда субъектілеріне «айналым схемасы» деп аталатын жеңілдетілген несиелер беру. Бүкіл Қазақстан бойынша оны іске асыру үшін 14 млрд теңгеден астам қаражат берілді», - деп атап өтті ведомство өкілі.

Қарапайым схема: ӘКК сауда субъектілерін 0,01%-бен қаржыландырады, ал олар өз кезегінде, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын нарықтық бағадан төмен қояды.

Сонымен қатар, жаңа нормаларға сәйкес, әкімдіктер 15%-дан аспайтын шекті сауда үстемесін белгілеуге өкілетті. Сөре кеңістігінің кемінде үштен бірінде «Қазақстанда өндірілген» тауарлар болуы тиіс.