Статистикаға сәйкес, кибербуллингке ұшыраған балалардың 70% - қыздар және барлық жағдайлардың 99%-нда ата-аналар құқық қорғау органдарына жүгінгісі келмейді. Қазақстанның Интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров сараптамалық брифинг барысында осындай өкінішті фактілерді келтірді.

«Мысалы, қызды алдау арқылы видеоға түсіріп, ақша бопсалағанда. Порно сипатындағы ұятсыз видео «проститутки.сом» немесе басқа да сайттарға жүктелгенде. Қылмыстық кодексте миллиондаған бап болсын, бірақ халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі артпайынша, бұл мәселені шешу мүмкін емес. Біз Шығыс дәстүрлерін ұстанамыз. Түркістан облысындағы ауылда зорлық-зомбылыққа немесе интимдік сипаттағы бопсалауға ұшыраған отбасын елестетіп көріңізші. Бітті. Түркістанда да, ауылда да өмір болмайды. Көшу керек. Сондықтан бізден құқық қорғау органдарына жүгінбеуді сұрайды. Құпиялылық бірінші орынға шығады», - деді Сабиров.

Құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыруға өзіміздің киберполициямызды тәрбиелеу арқылы қолжеткізуге болады. Бұл идеяны Орталық Азия, ТМД және Балтық елдеріндегі Kaspersky Lab басқарушы директоры Евгений Питолин ұсынды.

«Батыс елдерінде киберполиция, бірінші кезекте, құқық қорғау органдарының қызметкерлері болғысы келетін киберқауіпсіздік пен ІТ мамандардан қалыптасады. Меніңше, қазақстандағы жағдай басқаша. Классикалық полицейлерге киберқылмыстарды тергеу міндеттері жүктеледі. Әрине, мотивация, білім және мүмкіндіктер арасында танымдық диссонанс бар. Сондықтан мемлекет үшін де, Ішкі істер министрлігі үшін де, цифрлық ведомство үшін де, ұлттық қауіпсіздік комитеті, Білім министрлігі үшін де маңызды міндет - құқық қорғау органдарында лайықты жұмыс істей алатын және осындай қылмыстарды тергей алатын киберқауіпсіздік жөніндегі білімді мамандар сияқты жауапты азаматтарды табу, тәрбиелеу», - деп есептейді сарапшы.