Орталық коммуникациялар қызметінің қабырғасында сөз алған салалы министрліктің басшысы Біржан Нұрымбетовтың ақпаратына қарағанда, табысын толық жоғалту фактісін растамаған азаматтар бір жолғы төлеммен қамтылмайды.
Министр атап өткендей, қатаң шектеу карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты табысын толық жоғалту фактісі жоқ тұлғаларға, оның ішінде:
1) Егер жұмыс берушінің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын тұлғаның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалған заңды тұлғаның қызметі қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізумен шектелмесе;
2) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында немесе әлеуметтік демалыста жүрген, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес бос тұрып қалу енгізілуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдарға;
3) ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында бірыңғай жиынтық төлемді төлеу фактісі жоқ ҚБП төлеушілерге;
4) ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында міндетті зейнетақы жарналарын төлеу фактісі жоқ МЖӘ шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға;
5) зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақыларды, атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға, МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылған адамдарға және "халықты жұмыспен қамту туралы" Заңға сәйкес жұмыс күшінің құрамына кірмейтін, шектеу карантиндік шаралар кезеңінде БААЖ-ны бірінші рет төлеген адамдарға;
6) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде толық мемлекет қамтамасыз ететін адамдарға;
7) қалпына келтірген жағдайда жоғалтылған табысты алушының біржолғы төлем.
«Өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады», – деп түйіндеді Біржан Нұрымбетов.
Азаматтарға арналған біржолғы жәрдемақыны 20 шілдеден бастап төлеу жоспарланған.