100% мөлшеріндегі экологиялық төлемдер өңірлердің экологиялық проблемаларын шешуге бағытталатын болады.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, экологиялық төлемдердің тек 45% - ын жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға бөледі.
Осыған байланысты, жаңа экологиялық кодексте жергілікті бюджеттерге экологиялық төлемдер түскен қаражаттың 100% - ы өңірлердің экологиялық проблемаларын шешуге бағытталатыны көзделген.