Өкпенің ісінуі КВИ кезінде ғана емес, ауыр сыни ауруларда да өкпе тінінің ісінуі жүреді, вирус осы интерстициальды кеңістікке әсер ете бастайды, онда сұйықтық жинақтала бастайды. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жедел медициналық көмек, Анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова хабарлады.

Сарапшының ақпараты бойынша, осы кеңістікте ауыр дәрежеде өкпеде сұйықтық көп жиналады және өліммен аяқталуы мүмкін. Вирус өкпе тініне тез әсер етеді.

Тәуекел факторлары өте көп. Бұл артериялық гипертензия аурулары, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, қант диабеті, семіздік. Жүректің, тамырлардың жеткіліксіз жұмыс істеуіне байланысты ағзада сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуі орын алады және өкпенің ісінуі дамиды.

«Өлім-жітім себептерінің бірі өкпенің ісінуі болуы мүмкін деп айтатын болсақ, ағзаның сұйықтық жүктемесі инфузиялық препараттарға байланысты емес, жүрек-қан тамырлары жүйесі жұмысының жеткіліксіздігіне байланысты болады. Аталған жағдай созылмалы аурулар түрінде жоғарыда аталған қауіп факторлары бар науқастардың көпшілігінде орын алудa»-деп толықтырды Н.Малтабарова.