Бұл туралы Алматы қаласының штаттан тыс Бас пульмонологы Сәуле Қасенова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте айтты. Оның айтуынша, емдеу бойынша барлық ұсыныстарды тек дәрігерлер ұсынуы тиіс.

«Бұл аурудың бәрінде бірдей болуы мүмкін емес. Біреуде ауру өте оңай өтеді. 80%-дан көп адамдар оңай өткізеді. Бірнеше күн бойы температурасы көтеріліп, 2 аптадан кейін салыстырмалы түрде жазылыады. Ал, 15-20% - ға дейінгі пациенттер де ауыр жағдайда болады. Бұл пациенттер емдеуге жатқызылады, онда олар дәрігерлердің бақылауымен тексеруден және емделуден өтеді», - деп хабарлады сарапшы.

Пульмонологтың айтуынша, қауіп-қатер тобы бар адамдарға 65 жастан асқан адамдар, темекі шегушілер, салмағы артық адамдар, қысымы жоғары немесе қант диабеті бар адамдар, өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқастар, жүкті әйелдер жатады.