ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында хабарлағандай, экспортты өсіру перспективасының талдауы әлеуеттің тек 16 басым тауар позициясы бойынша ғана 13,5 млрд доллар, қызметтер бойынша – 4,4 млрд доллар екенін көрсетті.

Басым экспорт позицияларының қатарына ет мал шаруашылығы және басқа АӨК азық-түліктері, пестицидтер мен тыңайтқыштар, металдар, мұнай-химия, машина жасау, көлік хабы, АТ қызметі, туризм кірген.