«Нұрсұлтан Назарбаев - жауапты көшбасшы: сабақтастық және эволюция» атты халықаралық конференцияда сөз сөйлеген Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібектің пікірінше, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі үшін шешуші фактор болып қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру табылады.

Жас қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін, Елбасының бастамасымен 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланды. Ол Қазақстанның жаңа ұрпағының дамуына жаңа серпін берді.

«Жастар жылының» ашылу салтанатында Н.Ә. Назарбаев «Жас кәсіпкер», «Жас маман» жобаларына жол ашты. Жұмысшы жастарды арендалық тұрғын үймен қамтамасыз ету, жас ғалымдарға гранттық қолдау көрсету бойынша шараларды қарастырды. Осының бәрінде Елбасының жастарға деген нақты қамқорлығы мен сенімі байқалады», - деп мәлімдеді Дәулет Кәрібек.

Бүгін, 2020 жылғы 2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция".

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.