2018 жыл қорытындысы бойынша ауыр қылмыс жасау 22%-ға азайған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, генерал-майор Жанат Сүлейменов мәлімдеді.
«Ауыр қылмыс 22%-ға және аса ауыр қылмыс 12% -ға, орташа қылмыс 60 % -ға, аса ауыр емес қылмыстар 10 % - ға төмендеді. Тонау 14 %-ға төмендеген, бұзақылық 23 %-ға, ұрлық 6%-ға, қарақшылық шабуыл 15 %-ға төмендеген», - деді ол.
Сондай-ақ, көшелерде жасалатын қылмыстар 2 %-ға, бұрын сотталғандар жасаған қылмыстар 18%-ға, мас күйінде жасаған қылмыстар 10 %-ға және жасөспірімдер қылмысы азайған.