Журналистердің сұрақтарына жауап берген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой амбулаториялық жағдайда пневмонияны, коронавирустық пневмонияны және COVID-19 емдеу хаттамасына енгізілген антибиотиктер, дене қызуын төмендететін препараттар және антикоагулянттар қатарынан бес медициналық дәрі емдеуші дәрігерлердің тағайындауымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен халыққа тегін берілетінін жеткізді.

Министрдің айтуынша, бұл препараттар диагноз расталғаннан кейін аурудың бастапқы кезеңінде пациенттер тіркелген жері бойынша емханаларға жүгінген жағдайда тағайындалады. Емдеудің бұл схемасы дәрігерлердің бақылауымен жүргізіледі.