Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Өткен жылы осы тұжырымдаманы қолдау мақсатында азаматтық секторды дамыту саласында көптеген жұмыстар атқарылды.

Қазіргі кезде әртүрлі бейінді міндеттерді шешуде мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимылын күшейту өте маңызды. Бұл туралы жаңа әлеуметтік жобаның тұжырымдамасын таныстыру барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов мәлімдеді.

«Азаматтық сектор мәселелерінің өзектілігі артуда. Алдымызға ҮЕҰ-мен серіктестік қатынастарды дамыту жөнінде жаңа міндеттер қойылды. Осылайша, АҚДМ қолдауымен халықтың, әсіресе ауылдық елді мекендерде құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Халық үні» әлеуметтік жобасын іске асыру жоспарланған. Жобаға құқық қорғаушы Айман Омарова бастамашы болып отыр», - деп атап өтті спикер.

Вице-министрдің атап өтуінше, бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбы өте маңызды, өйткені бұл маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді. Кәсіпкерлердің бұл жобаны жүзеге асыруды қолдайтыны қуантады.