Қазақстанда өтіп жатқан сайлауға арналған баспасөз конференциясында Еуропарламент депутаттарының атынан сөз сөйлеген еуропалық парламентші Фульфио Мартушелло Батыс елдері үшін Қазақстан стратегиялық мемлекет болып табылатынын және бүгінгі сайлау, елде болып жатқан басқа да қоғамдық-саяси процестер сияқты Еуропа үшін маңызды екендігін атап өтті.

«Бүгін мен бірнеше сайлау учаскесінде болдым және сайлау учаскелерінде адамдардың көп екендігін көрдім. Біздің есептеулеріміз бойынша, біз барған сайлау учаскелерінде бүкіл халықтың 42%-ға жуығы дауыс берді. Адамдар таңертеңнен келіп жатыр, бұл адамдардың осы сайлауға қатысқысы келетінін білдіреді. Сонымен қатар, сайлау учаскелеріне келген сайлаушылардың көп болуы пандемияға дейінгідей қалыпты өмірге оралудың жақсы белгісі болып табылады», - деді Еуропалық депутат өз пікірімен бөлісе отырып.

Сонымен қатар, спикер сайлауға дайындықтың жоғары деңгейде жүргізілгенін және сайлаудың қауіпсіздік жағдайында өткізілетінін айтты.

«Барлығы жақсы ұйымдастырылды - температураны өлшеу, әлеуметтік қашықтық, қолды дезинфекциялау, сайлау учаскелерінің қызметкерлері мен сайлаушылар арасындағы қашықтық. Сайлау, шынымен, жақсы ұйымдастырылды. Еуропа мамыр айында коммуналдық сайлау өткіземіз бе деп ойланып жүргенде, сіздер пандемия жағдайында сайлау өткізуге болатынын көрсеттіңіздер. Мен үміткерлердің арасында жастар, әйелдер көп екенін байқадым. Бұл өте маңызды, өйткені бұл елдің қоғамдық-саяси өміріне жаңа буындарды белсенді тартуға мүмкіндік береді», - деп толықтырды Фульфио Мартушелло.

Еуропалық саясаткердің пікірінше, қазақстандықтардың жоғары электоралды белсенділігі феноменальды.

«Сайлау учаскелеріне барған кезде, алдымен кезекте тұрған адамдарға барамын, содан кейін сайлау ұйымдастырушыларына жолығамын. Мен барлық сайлау учаскелерінде көптеген сайлаушылармен сөйлестім. Таңғы сағат 06.00-де келіп, дауыс беру үшін сайлау учаскесі ашылғанша сағат 07.00-ге дейін күткен әйелмен де сөйлестім. Сондай-ақ осында дауыс беру үшін Ыстамбұлдан оралған Қазақстан азаматымен де тілдестім. Бұл сайлауға қатысуға деген ұмтылыс өте маңызды. Мен мұны COVID-19 тараған осы қорқынышты айлардан кейін қалыпты өмірге оралуға деген ниет деп түсінемін. Еуропада әлі де болса бұл жағдайда сайлау өткізуге бола ма деген сұрақтар қойылып келеді. Көбі бұл мүмкін емес, оны 5-6 айға алға жылжыту керек дейді. Бірақ сіздер COVID-19 жағдайында да сайлау өткізуге болатынын көрсеттіңіздер, мен үшін бұл үлкен көрсеткіш. Барлық сайлау учаскелерінде дене температурасы көтерілендер үшін дауыс беруге арналған орындар да болды», - деді Еуропадан келген қонақ.