Қазақстандық оқулықтардың мазмұны ескірген және қазіргі заманға сай емес деген көпшілік арасындағы пікірді ҚР БҒМ «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев жоққа шығарды. Ол біздің еліміздегі оқулықтар әр 5 жыл сайын жаңартылып отыратынын атап өтті. Бұл жалпы әлемдік тәжірибе.

«Бұл әлемдік тәжірибе - оқулықтар белгілі бір кезеңнен кейін шығарылады. Қазақстанда әрбір бес жыл сайын жаңартылып отырады. Жалпы, осыдан 3-5 жыл бұрын жарық көрген оқулықтар қазіргі заман шындығынан толық артта қалды деп айту дұрыс емес. Белгілі бір өзгерістер бар. Мысалы, біздің астанамыздың атауын өзгертуді алайық. Әрине, бұл жаңалықтардың барлығы оқулықтарды қайта басып шығарудың әр кезеңінде ескеріледі. Оқулықтар оқу бағдарламалары негізінде жазылғанын, ал олар 21-ші ғасырдың заманауи талаптарына сәйкес келетінін айтқым келеді», - деп атап өтті спикер.