Қазақстан Республикасының үш өңірінде – Павлодар, Түркістан және Алматы облыстарында ПТР тестілеумен қамту көрсеткіштері жақсарды, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

«Павлодар облысында көрсеткіш 79-дан 206-ға дейін, Түркістан облысында 71-ден 176-ға дейін, Алматы облысында 70-тен 236-ға дейін жақсарды. Алты өңірде - Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жоспарлы қуаттылық көрсеткіші республикалық көрсеткіштен жоғары», - деді А.Ғиният.

Сонымен қатар, спикер COVID-19 аурушаңдығының өсуі азаматтар арасында ПТР-тестілеумен қамтылудың артуымен де байланысты екендігін атап өтті. Қазіргі уақытта тестілеу қуаттылығы тәулігіне 58 мыңға жуық тестті құрайды.

Президенттің тапсырмасы бойынша тестілеу ПТР тарифін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілді: мемлекеттік секторда - 30%-ға-11,5-тен 8 мың теңгеге дейін, жеке секторда -40%-ға дейін, 15-тен 9 мың теңгеге дейін.