Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифинг барысында Алматы өңірінің туристік кластері қауымдастығының мүшесі, «Жібек Жолы» ЖШС директоры Тимур Дүйсенғалиев хабарлады.

Спикердің атап өтуінше, Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) тау аумақтарына деген қызығушылықты туризм нысаны ретінде растады. Статистикаға сәйкес, соңғы жылдары экологиялық таза аймақтарда табиғатпен тілдесу үшін, урбанизация әсеріне минималды әсер етілген жерлерге келушілер саны едәуір артқан.

«Біз БҰҰ Тұрақты Даму Мақсаттарын қолдаймыз және антропогендік жүктеудің өсу жағдайында таулы аймақтардың осалдығын түсінетін қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар ретінде Kazakh Alpine Club құрамыз, және экологияны сақтау мен халықаралық стандарттарға сәйкес болу мақсатында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті инфрақұрылыммен бірге белсенді демалу түрлерін дамытуды жоспарлап отырмыз. Тау Омбудсмені ретінде біз барлық мемлекеттік және басқа да ұйымдармен аккредиттеу, салалық және қоғамдық кеңестерге кіру арқылы таулы аймақтарды игеру жобаларын, соның ішінде Ұлттық табиғи саябақтарды, бастамашыларының меншік түріне қарамастан ашық, заңды түрде талқылау үшін ынтымақтастық орнатамыз», - деді спикер.

Айта кетейік, Қазақстандық клуб Халықаралық Альпі қоғамдастығының құндылықтары мен қағидаларына ортақтасады. Алдағы уақытта шетелдік Аlpine Club-пен тәжірибе алмасу және туристерді тарту бойынша белсенді жұмыс істеу жоспарланған.

Адамдар клубқа өмір бойы мүше болады. Мысалы, альпинизм жабдықтарын сатып алу кезінде сақтандыру және жеңілдіктер жасау секілді басқа да бірқатар артықшылықтар бар.