ҚР ІІМ өкілінің ақпараты бойынша Арменияда Қазақстан азаматтарының атына 22 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Қазіргі кезде Үкімет қаулысы аясында Қазақстанда шамамен 11 мың автокөлік тіркелген.

«Бұл ретте кейбір көлік құралдарының тіркеуге жатпайтынын білуіміз керек, өйткені олардың арасында оң рульді көлік құралдары бар, азаматтар тіркелген жері бойынша шығарған көлік құралдары бар, кейбір азаматтар басқа елдерге тұрақты тұруға көшіп кетті. Сондай-ақ, азаматтар жол-көлік оқиғалары салдарынан зақымдалған көлік құралдарын қалпына келтірмеуге шешім қабылдаған жағдайлар да кездеседі. Мұндай көлік құралдары тіркелмейді», - деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.