Халық алдында есеп беру кездесуінде сөйлеген сөзінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жақын арада жүргізушілерге өзімен бірге бірнеше құжатты – жүргізуші куәлігін, техпаспортты, сақтандыру полисін және т.б. алып жүру қажеттілігі болмайтынын айтты.

Оның айтуынша, өзімен бірге жеке куәлігін алып жүрсе жеткілікті. Қалған мәліметтер планшеттің көмегімен тексеріледі. Қазір заңнамалық түзетулер енгізілуде.

Сондай-ақ, министр патрульдік полиция қызметкерлері айыппұлдарды қолма-қол ақшасыз төлеу үшін электронды планшеттермен және терминалдармен жабдықталатынын хабарлады. Бұл хаттама жасау уақытын қысқартады, сондай-ақ айыппұлды сол жерде төлеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, полицейлер бейнетіркегіштермен жабдықталған. Оларды пайдалану жол қозғалысына қатысушылар арасындағы даулы жағдайларды субъективті бағалауға және оларға жол бермеуге мүмкіндік береді.