2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасы әзірленді.
«Жол картасы бойынша жалпы жаңғыртудың 9 бағыты, соның ішінде ұйымдастыру-штаттық құрылымды оңтайландыру, еңбек ақысын төлеу жүйесін және қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қорғауды оңтайландыру, кадрларды іріктеу және әзірлеу айқындалды. ІІО ведомстволық білім беру саласын жаңғырту, полицияны артық функциялардан арылту, тұрғындармен жұмыс жасаудың жаңа үлгісін, қызметті бағалаудың жаңа талаптарын енгізу, жемқорлыққа жол беретін себептер мен жағдайларды жою, қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту, азаматтық қорғау органдарын жаңғырту», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, генерал-майор Жанат Сүлейменов.
Айта кетсек, «Қазақстандықтардың әл-аухатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын әзірленген болатын. Ол Үкіметтің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №897 Қаулысымен бекітілді.