Ұйымдастырушылық-штаттық құрылымды оңтайландырған кезде штат саны 10%-ға қысқарады (8 мың штаттық бірліктен астам). Нәтижесінде басқарушы лауазымдардың орындаушыларға шаққандағы саны 1:5-ке дейін оңтайландырылмақ.

«Министрліктің орталық аппараты, оның ведомстволық және аумақттық полиция органдары аппараты бойынша 450 бірлік басшыны азайту жоспарланып отыр. босатылған бюджет қаржысы қызметкерлердің лауазымдық жалақысын көтеруге бағытталады», - деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, генерал-майор Жанат Сүлейменов.

Одан әрі ІІО-ның барлық жүйесі қызметіне сараптама жүргізіледі, оның нәтижесінде құрылымдық саптарды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленбек.

Спикердің айтуынша, патрулдік полиция құрамындағы жол-патрулдік полицияның саптық бөліністерін қайта жасақтау жүргізіледі.