ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Энергетика министрі Н. Ноғаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті.

Министр өз сөзінде коронавирустың бүкіл әлемде таралуы энергия ресурстары нарығына айтарлықтай әсер еткенін атап өтті. Осыған байланысты биыл өндіріс көрсеткіштеріне түзетулер енгізілді. 2020 жылы 90,0 млн. тонна деңгейінде жоспарланған мұнай өндіру жұмыстары бағаның құбылмалылығы және пандемия кезеңінде әлемдік экономиканың тұрақсыз дамуы жағдайында 86 млн.тоннаға дейін, яғни 4,4% - ға қысқарды. 2019 жылы мұнай және конденсат экспорты 72,2 млн.тоннаны құрады. 2020 жылға болжам – 67,5 млн. тонна. Алайда, 2023 жылдан бастап Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты үш ірі жобаны дамыту шеңберінде мұнай өндіруді 100,0 млн.тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Қазақстандық МӨЗ-ді жаңғыртудың арқасында ішкі нарықтың қажеттілігі өз өндірісі есебінен толық қамтамасыз етіледі.

«Жыл қорытындысы бойынша нарықтың бензинмен, дизель отынымен және авиакеросинмен қамтамасыз етілуі 100% - ға жетті», - Н. Ноғаев.

Министрдің айтуынша, отандық МӨЗ тұрақты мұнай өңдеуді қамтамасыз ету және мұнай өнімдерін қайнатуға жол бермеу мақсатында министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп келесі шараларды қабылдады:

• Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынған;

• Кеден одағы елдерінен тыс жерлерге мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды; экспортқа сатылатын бензин және дизель отыны бойынша акцизделетін тауарларды өндірушілер акциздерді төлеуден босатылды;

• РФ-дан ҚР-ға бензиндер мен дизель отынын темір жолмен жеткізуге тыйым салынды;

• Мұнай өнімдеріне, оның ішінде бензин, дизель отыны мен мазутқа кедендік әкету баждарының ставкалары нөлге тең.

Осылайша, қазіргі уақытта министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды дамытуға үлкен көңіл бөледі. 2019 жылы мұнай операцияларын жүргізу кезінде қазақстандық тауарлардың үлесі шамамен 20%-ды құрады, ал жұмыстар мен қызметтер 50% -ға жетті.

Сондай-ақ министрлік қызметінің басым бағыттарының бірі – газ саласын дамыту және газдандыру. 2019 жылы газ өндіру 56,4 млрд.м3 құрады, бұл жоспарға 102,5% құрайды. 2019 жылы тауарлық газ өндірісі 33 млрд.м3 немесе жоспарға 105,8%-ды құрады. Ағымдағы жылы қалыптасқан жағдайға байланысты тауарлық газ өндірісін 32 млрд.м3-дан 28,1 млрд. м3-ға дейін, яғни 12% - ға төмендету жоспарлануда.

Н. Ноғаев өз сөзінде "Сарыарқа" магистральды газ құбырын салу жобасының басталуы туралы айтып берді, 2019 жылдың наурыз айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Бүгінгі күні магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталды, объектіні пайдалануға беру 2019 жылғы 27 желтоқсанда жүзеге асырылды. Осылайша, рекордтық қысқа мерзімде 1 061 километр газ құбыры салынды, газ құбырының құрылысы барысында отандық өндірушілер мен жеткізушілер барынша жұмылдырылған.

Магистральдық газ құбыры Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының және газ құбыры трассасының бойындағы жақын орналасқан 171 елді мекенді (2030 жылға қарай шамамен 1,5 млн.адам) табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Республикада майлау материалдарын, жол битумын, хош иісті көмірсутектерін, сондай-ақ полипропилен мен октанды өндіру жөніндегі кәсіпорындар құрылып, табысты жұмыс істеуде. Министр өз сөзінде қазіргі уақытта Энергетика министрлігі мұнай-химия бойынша жобалау тобын құрғанын, оған компаниялар мен жұмыс істеп тұрған зауыттардың өкілдері кіретінін атап өтті. Осы топ шеңберінде сауда және интеграция министрлігімен мұнай-газ-химия өнімдерінің экспортын жедел жылжыту бойынша тығыз жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ, бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағындағы радиациялық жағдайды зерттеу жұмыстары жалғасуда, олар 2021 жылы полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай аяқталады. Есеп беру кездесуінің соңында Министр төтенше жағдай режимі кезінде Министрлік қабылдаған шараларды атап өтті.

Министрлік көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 165 тн/литр жеңілдікпен 386,5 мың тонна дизель отынын бөлді (АГЗС-да дизель отынының орташа бөлшек бағасы 188 тн/литрді құрайды). Бұл шара көктемгі егіс жұмыстарын тұрақты жүргізуге бағытталған. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілері үшін сұйытылған мұнай газының орташа шекті бағасы 8% - ға төмендеді. Тұтынушылардың коммуналдық қызметтерді төлеу мерзімдерін бұзуына байланысты энергетикалық кәсіпорындардағы проблемалардың тәуекелін болдырмау мақсатында салалық министрліктер "төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" бұйрық қабылдады.

Отын-энергетика кешені кәсіпорындарының төтенше жағдай кезеңінде үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді.