ТЖ режимін қамтамасыз ету бойынша жұмыс барысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі елден 7 млн. қорғаныш маскаларын, 20 340-тан астам респираторды, 3 мың қорғаныш костюмдерін, 4 млн. жуық медициналық мақсаттағы қорғаныш қолғаптарын шығару фактілерінің жолын кесті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық бақылау департаменті бастығының орынбасары Олег Фисенко мәлімдеді.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, жолаушылар ағынының айтарлықтай азаюына қарамастан, мемлекеттік шекараны жалған және бөтен құжаттар бойынша кесіп өтуге әрекет ету фактілері анықталуда.

«Оларға, автокөлікті жасыру, сондай-ақ тауар-материалдық құндылықтарды бақылаудан жасыру, тасымалдауға тыйым салынған және шектелген өнімдерді тасымалдау фактілері жатады», - деп нақтылады Олег Фисенко.

ҰҚК өкілі Қазақстан шекарашылары пандемияның барлық кезеңінде алдыңғы қатарда болғанын және орналасқанын, өткізу пункттерінде, сондай-ақ оның құрлықтағы және теңіз учаскелерінде мемлекеттік шекараны күзету және қорғау бойынша өз міндеттерін орындағанын атап өтті.