Жыл басынан бері Қазақстанда 67 дәріхана ашылды, оның жартысы ТЖ мен карантин кезеңінде. Мұндай мәліметтерді ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметов келтірді. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде ол кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты өсу қарқынын атап өтті. Әсіресе қызмет көрсету және сауда саласында. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 11% - дан асты.

Биылғы жарт жылдықта медицина саласында қызмет көрсететін 229 кәсіпорын ашылды. Олар ең қажетті маскалар, антисептиктер өндірісі, зертханалық және дезинфекциялық қызметтер көрсету бойынша жұмыс істейді. Құны 4,6 млрд. теңге болатын осындай 18 жоба «Даму» Қорының қолдауына ие болды.

Ал өз ісін алғаш рет ашуды жоспарлап отырғандар үшін қолдаудың тамаша құралдары – мемлекеттен гранттар қарастырылған. 1,2 млрд. теңгенің үлесін «Атамекен» ҰКП арқылы өтінім беріп алуға болады.