17 тамыздан бастап карантиндік шараларды жеңілдету критерийлерін атай отырып, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова халық үшін бір отбасы мүшелерінен басқа 3 адамнан аспайтын көше бойымен жүруге, саябақтарда, скверлерде, жағалауларда сол мөлшерде ашық ауада жүруге рұқсат сақталатынын еске салды. Әлеуметтік қашықтықты сақтау кезінде ашық ауада 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі.
Халықтың қуанышына орай қоғамдық көлік қозғалысы қайта жандануда.
«Қоғамдық көлікке қойылатын талаптар күшейтілді. Себебі, біз бүгінде бұл инфекцияның таралуы тұрғысынан ең үлкен қауіп төндіретін жабық кеңістік екенін түсінеміз. Сондықтан қоғамдық көлік отыратын орындар саны бойынша толтырылатын болады. Міндетті талаптар — маска режимі, соңғы аялдамаларда дезинфекция жүргізу»,- деді А. Есмағамбетова.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің айтуынша, халық үшін қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, ашық ауада қоғамдық орындарда маскаларды міндетті түрде кию, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және қол гигиенасын сақтау талабы сақталуда.