Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және тұтынушылара бағытталуы Мемлекеттік кірістер комитетінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев атап өтті.

Оның айтуынша, жеке және заңды тұлғаларға 44 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 27 салық қызметі және 17 кеден қызметі көрсетіледі. Декларацияның 99%-ы электронды түрде ұсынылады, кәсіпкерлік қызмет субъектілері өздерінің есеп жүйелерінен салық есептілігін ұсынуы үшін API қызметі енгізілді. Жыл басынан бері 17,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 97,1% электронды түрде.

Байланыс орталығының операторлары 9 айда 360 мыңнан астам қоңырауды өңдеді. Бұл консультациялар алу процесін жеңілдетуге және Комитет қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді, ал өтініш берген салық төлеушілердің 90%-ы операторлардың жұмысын «өте жақсы» деп бағалады.