Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, алынған сынамалар тұздың адамдар үшін ерекше емдік қасиеті жоқ екендігін көрсетті. Бірақ көл үшін оның маңызы зор.

Туристердің мұндай іс-әрекеттері су нысанының экожүйесінің бұзылуына әкеледі. Көбейтұз көлінде жиналған қоқыстар үшін бірнеше адам жауапқа тартылды. Бірақ қолданыстағы механизм нәтижесіз, көп жағдайда айыппұл төлеу «арзанға» түседі.

Осыған байланысты Президенттің тапсырмасымен табиғатқа келтірілген залал үшін жазалауды күшейту жұмыстары басталды. Министрлік заңнамалық негіз әзірлеп, оны күзде депутаттардың қарауына ұсынбақ.

«Көбейтұз көлі бойынша, оны ерекше қорғалатын табиғи аумаққа енгізу туралы шешім қабылданып, мемлекет оны өз қамқорлығына алады. Бірақ біз барлық жерге күзет қоя алмаймыз. Сондықтан азаматтарымыздың экологиялық санасына үміт артамыз. Қазір бәріміз көріп отырғандай емес, табиғат аясында демалғаннан кейін ол жерді таза күйінде қалдырады деп ойлаймыз», - деді министр.