Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және буллингтің алдын алу мәселелерін шешу үшін шаралар қабылдау қажет екенін айтты. Сондай-ақ, 2020 жылғы қыркүйекте жарияланған Қазақстан халқына Жолдауында «кибербуллингтың» алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажеттігін ерекше атап өтті.

Парламент Мәжілісінің депутаты - жұмыс тобының жетекшісі Динара Закиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметтерін келтірді - еліміздегі оқушылардың 12%-тен астамы жәбірлеуге ұшыраған. Бұл зерттеу 2018 жылы жүргізілген.

«Қазақстандық заңнаманың қолданыстағы нормаларын талдау олардың мектепте жәбірлеудің алдын алуды көздейтін тетіктерді ұсынбайтындығын көрсетеді. Жәбірлеудің алдын алудың құқықтық тетіктерінің болмауына байланысты мектептер балаларды уақытында қорғай алмайтын, оларды қолдай алмайтын жағдайларға тап боламыз және мектептегі жәбірлеу проблемасы кәмелетке толмағандар арасында суицид жағдайларына әкеледі. Білім беру ұйымдарында, мектепте қорлаудың алдын алу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, ұсынымдық сипаттағы емес, мектеп басшылығы, мұғалімдер сақтауға міндетті бірыңғай және жүйелі тәсілді енгізу үшін ұғымның өзін заңнамалық тұрғыдан енгізуі қажет. Осылайша, жұмыс тобы шеңберінде «жәбірлеу» ұғымын заңмен бекіту ұсынылып отыр және «Білім туралы» Заңға білім беру саласындағы уәкілетті органның (БҒМ) мектептерде қорлаудың алдын алу бойынша бірыңғай стандарттар мен бағдарламалар болуы үшін, әрбір басшы, мұғалім баланы қалай қорғауды, қолдауды, балалар арасындағы құрметті қарым-қатынасты қалай дұрыс түсіндіруді және дамытуды білуі үшін білім беру процесіндегі жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыреті, міндеті енгізіледі», - деп түсіндірді спикер.

Бұл норманы енгізу ешқандай жауапкершілік, кінә, жаза тудырмайды.

«Өкінішке орай, қазір әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде көптеген ата-аналарды адастыратын түрлі ұсыныстар мен түзетулер жіберілуде, талқылануда, ал кейбір қоғам өкілдері жалған ақпаратты негізсіз мәлімдемелермен тарату арқылы қоғамдық пікірмен манипуляция жасауда.

Осыған байланысты барлық ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісінен ресми түрде сұратуға немесе Instagram әлеуметтік желісіндегі @bala_men_otbasy парақшасынан қарауға кеңес береміз», - деп кеңес берді халық қалаулысы.