ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшысы Майкл Янсен осылай дейді. Профессор Орталық коммуникациялар қызметінде қалашықты зерттеуге арналған брифинг барысында өз пікірімен бөлісті.

«Жоба басшылығы әлемдік және жергілікті деңгейдегі үздік мамандарды бір командаға жинады. Бұл жобада ЮНЕСКО-ның маңызды қағидаларының бірі - ескерткіштің тұтастығы сақталады. Күлтөбе қалашығында осы маңызды діни, мәдени, экономикалық және әкімшілік орталық эволюциясының барлық кезеңдерінде тек Қазақстан өңірінің ғана емес, бүкіл түркі әлемінің мәдени топтар сақталған», - деді профессор жобаның стратегиялық маңызын айта отырып.

«Жоба бойынша жұмыстарды жалғастыру, оларды соңына дейін жеткізу аса қажет екендігін атап өткім келеді.

Археологиялық саябақ - бұл қорық қана емес. Бұл ескерткішті болашақта тұрақты күтіп ұстау мәселесі және Күлтөбе пайдалану кезінде сынақтан өткізілетін басқарудың орталықтандырылған тұжырымдамасы», - деп қорытты Янсен видеобайланыс барысында.