Бұл туралы «Күнделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Күнделік» платформасы мұғалімдерге, мектептерге толықтай ақысыз болып табылады. Қазіргі кезде платформа функционалдық жағынан бірінші тоқсанға толықтай дайын. Электрондық журналдың дизайны өзгертіліп, 2 мыңнан аса конспекті дайындалды.

«Баланың үлгерімі жағынан, формативтік бағалау жағынан бәрі ыңғайланды. Мемлекет жағынан серверлердің қуаттылығы 25 пайызға күшейтілді. Екі тәуелсіз интернет провайдердің каналдары қосылды. Егер біреуінің жылдамдығы жеткіліксіз болса, автоматты түрде екіншісі қосылып, қолданушыларға қызмет атқарады», - деді Мұхтар Ілиясов .

Спикер интернеттің жылдамдығы жоғары босла, платформаның жұмысымен ешқандай қиындықтар туындамайды деп сендірді.