COVID-19 жеңіл түрдегі алдын алу және емдеу шараларының бірі темекі шегуден бас тарту болып табылады. «Бұл зиянды әдет ағзаның оттегі ашығуын күшейтеді»,- деп атап өтті Астана медицина университеті КЕАҚ кафедра меңгерушісі Нұрила Малтабарова.

«Бұл никотиннің өкпе тінінде орын алатын алмасу процестеріне теріс әсерімен байланысты. Өкпеде газ алмасу бар. Адам кәдімгі немесе электронды темекі шеккен кезде, оттегі қажеттілігі одан да артады. Сондықтан аурудың алдын алу шараларының бірі және оның ағымының жеңіл түрінде бұл зиянды әдеттен бас тарту болып табылады. Бұл жоғары оттегі тұтыну. Ал КВИ-оттегі жетіспеушілігі. Мұны есте сақтау керек»,- деді медициналық сарапшы.