Бұл туралы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев мәлімдеді. Спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, бұл ретте барлық күштер жұмылдырылатынын атап өтті.

Бюджеттік бағдарлама шеңберінде кадрларды және жас мамандарды даярлау жұмыстары жүргізілуде. Жеке медициналық ұйымдардың қызметкерлері тартылатын болады. Қосымша көмекке тәжірибелі профессорлар, атап айтқанда, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және еріктілер келеді.