2020 жылдың 13 наурызынан бастап елімізде 103 033 адам коронавирустық инфекциямен ауырды. 82 777 немесе 80,3% емделді. Инфекциялық стационарларда 3 279 және 15 562 пациент амбулаториялық деңгейде емделуді жалғастыруда. Орталық коммуникациялар қызметіндегі дәстүрлі брифингте статистиканы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдт Қожахметов таныстырды.

Оның айтуынша, 406 науқастың жағдайы ауыр, 103-і өте ауыр, 72 адам ӨЖЖ аппараттарына қосылған.

Бір тәулік ішінде 337 адам КВИ жұқтырды, 18 адам қайтыс болды. Пневмония (ПТР-) 141 жұқтырды, 2 қайтыс болды.

1 тамыздан бергі деректерді ескере отырып, сырқаттанушылықтың айтарлықтай төмендеу үрдісі жүріп жатыр, - деп сендірді спикер.