Бұл туралы «Jasyl Arystan» жеке қорының сарапшы-экологы Марина Дробот Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Спикер ұсынған статистикаға сәйкес, жыл сайын ластанудың тікелей немесе жанама әсерінен миллиондаған адам, жануарлар өледі. Пластиктің әсерінен адамдарда жүйке жүйесі ауруларына, қатерлі ісік және генетикалық мутацияларға шалдығады. Әлемнің ондаған елінде пластикті пайдалануға шектеулер енгізілді, оның ішінде бөтелкелер, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқ, пакеттерге. Қазақстанда, әсіресе ауылдарда қатты тұрмыстық қалдықтармен, пластик бұйымдардың қалдықтарымен ластануы өте ауқымды.

«Жағдай нашарлап барады, өйткені ауылдық жерлерде бұл қалдықтарды, сусабынның, кір жуғыш ұнтақтардың пластикалық бөтелкелерін және т.б., пакеттерге дейін жағады. Мұның салдары ауыр болуы мүмкін. Кәдімгі пластикалық пакет жанған кезде ауаға 70-ке дейін түрлі қоспалар шығарылады, олардың көбі адамдар үшін улы болып табылады. Пластмассаны, пластикті, полиэтиленді өртеген кезде булану мен шығарындылар болады, олар ағазаға түссе, шықпайды. Оларды жағу кезінде пайда болған канцерогендер ауада жиналады және онкологиялық аурулардың артуына әкеледі», - деді спикер.

Оның атап өтуінше, 2019 жылдың соңына қарай онкологиялық аурумен ауыратын 180 мың адам тіркелген, жыл сайын 35 мыңға жуық жаңа жағдай анықталады. 2019 жылы 15 мыңға жуық қазақстандық қатерлі ісік ауруынан көз жұмады.

«Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша, елімізде проблемалар туралы хабардарлықтың және планетарлық экожүйедегі процестердің қайтымсыздығын түсіну өте төмен деңгейде екендігі байқалды. Респонденттердің 80% жуығы пластиктің зияны туралы білмейді. Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы – әр адамға орын алған оқиғалардың ауқымын жеткізу және өмір салтын, әдеттерін өзгерту мақсатында халықты толықтай хабардар ету. Бүгінде әрбір қазақстандық жылына шамамен 400-450 кг немесе күніне шамамен 1,5 кг қоқыс шығарады. Бұл ретте осы қалдықтардың тек 3% ғана сұрыпталып, өңделеді. Бұл өте маңызды көрсеткіштер және бұл біздің тұрғындарға сұрыптаудан гөрі қоқысты тастау оңайырақ екенін көрсетеді. Бұлай жалғаса берсе, жақын арада аса күрделі экологиялық дағдарысқа ұшыраймыз», - деді эколог.

Оның пікірінше, адамдардың санасын өзгерту, оларды экологиялық тұрғыдан ойлауға үйрету, экологиялық ағарту арқылы қоршаған ортаға ұқыпты қарау сезімін қалыптастыру өте маңызды.