2021 жылдан бастап институттар мен университеттер жеке үлгідегі дипломдар табыстайды. Заң жүзінде жоғары оқу орындарына академиялық дербестік берілді, жоғары оқу орындары өздерінің академиялық бағдарламаларын жеке әзірлейді, дипломдарды өздері береді. Бұрын тиісті рұқсат алу үшін шамамен 1,5 жыл уақыт қажет болатын. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов жүйедегі сан емес, сапа жайлы баяндады.

Оның айтуынша, ең бастысы, білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің талаптарына және білім беру сапасына сәйкес келеді. Оның үстіне, өткен жылдан бастап гранттар (педагогикалық және инженерлік-техникалық бойынша тіпті екі есе) мен бакалавр стипендияларының құны артты.

«Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары жұмыс берушілерді сертификаттаудан өтеді, жыл сайын Білім министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен білім беру бағдарламаларының рейтингін жүргізеді. Осы шаралардың барлығы өз нәтижелерін береді, оларды жүзеге асыру үшін уақыт қажет. Біз нарықтың қандай жоғары оқу орындары жоғары білім беру жүйесінде қалуы тиіс екенін реттегенін күте алмаймыз, сондықтан да біз екінші бағыт бойынша жұмыс істейміз: жоғары оқу орындарын жабу. Өткен жылы 30 мыңнан астам студент оқыған бір жоғары оқу орны тексерілді. Оның жабылғаны туралы хабарланды, біздің шешімімізге шағымдану бойынша сот отырыстары жарты жылға созылды. Осы уақыт ішінде іс жүзінде бірде-бір студент басқа ЖОО-ға ауыстырылған жоқ, студенттердің өздері басқа ЖОО-ға ауысу қажеттігін түсінбеді. Сонымен қатар, контингентінің жартысынан көп бөлігін 30 жастан асқан студенттер құрайтын университеттер бар. Бұл студенттер білім алу үшін емес, диплом үшін келгенін түсініп отырмыз. Бұл студенттердің зейнетақы аударымдары бар, демек, олар жұмыс істейді, нәтижесінде олардан қандай мамандар шығатыны», - деді ведомство өкілі.

Оның мәліметінше, өткен жылы БҒМ 36 жоғары оқу орнын жабу туралы шешім қабылдады. Негізгі мәселе – оқу орындарының өздері толтыратын тәуекелдерді бағалау. Кәсіпкерлік Кодексі үш жылдан бері қолданылып келеді, оның шеңберінде тиісті тетіктер қарастырылған. Білім министрлігі іріктеп тексермейді. Осы тәуекелдерді көріп және жұмыс берушілердің қандай да бомласын ЖОО жай ғана диплом сатумен айналысады деген шағымдарын назарға ала отырып, ведомство қол қусырып отыра алмайды.

Тексеру қорытындысы бойынша ескертулерді жою үшін оқу орындарына екі мүмкіндік беріледі. Бірақ оны бәрі бірдей ұтымды пайдалана алмайды.