Пандемия жағдайында медицина қызметкерлерінің жұмысының нәтижелері тікелей әлеуметтік жағдайға байланысты екені белгілі болды, оған нақты адамдардың өмірі ғана емес, сонымен бірге тұтастай алғанда экономиканың тұрақтылығы да байланысты. Сондықтан медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары ел басшылығының ерекше бақылауында. Мемлекет басшысы биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру және 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге жеткізу міндетін қойды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов саладағы істің қалай өрбігенін айтып берді.

«Бүгінде елімізде 247 мың медицина қызметкері жұмыс істейді, бұл шамамен миллион маманның төрттен бір бөлігі, олардың жалақысын арттыруға 2021 жылы 222 млрд.теңгеден астам, 2022 жылы – 362 млрд. теңгеден астам, 2023 жылы – 557 млрд. теңгеден астам шығыстар көзделген. Осылайша, 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңгені құрап, 2023 жылы 561 мың теңгеге жеткізіледі. Орта медициналық қызметкерлердің орташа жалақысы биылғы жылы 173 мың теңгені құрайды, 2023 жылы 210 мың теңгеге дейін жеткізіледі»,- деп хабарлады министрлік өкілі.

Бұдан басқа, 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық емес қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі пысықталуда.