Қазақстандық мектептерде 11 қаңтарда жоспарлы түрде үшінші оқу тоқсаны басталды, ол 20 наурызға дейін жалғасады. Мектептерде бұл 9-11 сынып оқушыларына, халықаралық және Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 10-12 сынып оқушыларына қатысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті. Сабақтардың 70% штаттық режимде, қалғандары қашықтан өтеді. Бірақ, ескеретін бір жайт бар.

«Қандай пәндерді штаттық режимде, қайсын қашықтан оқыту бойынша шешімдерді әрбір оқу орнының қажеттілігіне қарай әр мектеп дербес анықтайды. Бұдан басқа, интернаттарда, арнайы мектеп-интернаттарда, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда оқуға және тұруға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, 5 балаға дейінгі топтарда білім шығынын толықтыру мақсатында балаларға жеке кеңес беруге рұқсат етілді. Бұл жағдайда, айтар кетерлік жайт, мұғалімдердің өздері бұған дейін де, бұрынғы дәстүрлі форматта оқушылармен жеке жұмыс жүргізетін. Бұл консультациялардың ұзақтығы балалардың қажеттілігіне және педагогтардың шешіміне байланысты болады», - деді вице-министр.

Айта кетейік, барлық жағдайда штаттық оқыту бойынша шешім тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерімен бірлесіп қабылданады. Қазақстандық мектептерде 3,4 млн бала оқиды, 41,7% - оффлайн білім алады. Әкімдіктердің мәліметінше, 1-5 сынып оқушыларының 24% кезекші сыныптарда, 10,3% шағын жинақталған мектептерде, 260 мың 9-11 сынып оқушылары штаттық форматта оқуын жалғастырады.