Мемлекет басшысының Жолдауын қолдау үшін отандық Волонтерлер лигасы халыққа практикалық көмек көрсетуге бағытталған бірқатар әлеуметтік жобаны іске қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең маңызды жобалардың бірі азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған «АШЫҚ ЖҮРЕК» жобасы болып табылады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жобаның негізгі мақсаттары таныстырылды.

Спикерлер атап өткендей, бүгінгі жағдай әрбір азаматтың мемлекет пен қоғамның дамуына іс жүзінде қатысуын талап етеді. Осы мақсатта Қазақстан Волонтерлері лигасы азаматтардың күш-жігерін біріктіріп, қазақстандықтарды бүкіл елдің игілігі үшін волонтерлік қызметке тарту үшін қажетті жағдай жасауға ниетті.

Волонтерлер лигасы өкілдерінің ақпараты бойынша, таныстырылған жоба эко-волонтерлікті қоса алғанда, «Birgemiz» тұжырымдамасының барлық бағыттарын қамтиды. Жобаның басты ерекшелігі – еріктілердің геймификацияланған өсу жүйесі, олардың практикалық волонтерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қажетті дағдыларды игеруі.

«Волонтерлікті де үйрену керек. Көптеген жастар жобалардағы үндеулерге дайын болмай жатады. Сондықтан, осы бірегей геймификацияланған жүйенің арқасында жастар білім алып, тренингтерден өтіп, белгілі бір дағдыларға ие болады», - деп түсіндірді Қазақстан Волонтерлер лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова.

Қазақстан Волонтерлер лигасының Алматы қаласындағы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаеваның айтуынша, пандемия кезінде еріктілер халыққа көмек көрсетуді ұйымдастыруға құлшыныс танытты және жедел штабтардың жұмысына белсенді қатысты. Волонтерлер біріге отырып, күн сайын ақысыз негізде өз отандастарына практикалық көмек көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұдан әрі Волонтерлер лигасы еліміздің барлық өңірлерінде бастамашыл әлеуметтік жобаларды іске асыру аясында халыққа практикалық көмек көрсетуді жалғастыруға ниетті.