Мемлекеттік кірістер комитеті қарыздар мен артық төлемдерді төмендету, сондай-ақ ҚХР-мен кедендік статистика бойынша сәйкессіздіктерді азайту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

«Әкімшілендіруді жетілдіру бойынша қабылданған шаралар соңғы 5 жылдағы артық төлемнің 2,3-тен 2 триллионға дейін ең үлкен төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді, ал 2020 жылдың басынан бастап ол 68 млрд теңгеге немесе 3,2% төмендеді. Өндіріп алу процедураларын күшейтудің есебінен, салық берешегі жоспарланған 5% көрсеткіші жағдайында 5,2%-ға азайды, ол 195,5 млрд теңгені құрады», - деді спикер.

Сондай-ақ, М.Сұлтанғазиев кедендік әкімшілендіру шараларының күшеюіне байланысты Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздік 48%-дан 44%-ға дейін төмендегенін атап өтті.