«E-salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен жүктеуге болады. Бұл қосымша ел азаматтары арасында кеңінен қолданыс тауып отыр. 2021 жылғы 5 ақпандағы жағдай бойынша, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 265 мыңнан асты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев баяндады.

Ресми деректер бойынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке төленген қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесі 80% асты, ал 2020 жылы 90% дейін ұлғайды.

«Цифрлық салықтық әкімшілендіруде «электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін енгізу едәуір тиімді болып шықты. Шын мәнінде, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық мәмілелерін тіркеу. Сонымен қатар, бастапқы бухгалтерлік құжаттарды электронды түрде рәсімдеу енгізілді, бұл қызмет салық төлеушілер қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр болған локдаун кезеңінде кеңінен қолданылды. Барлық 40 мемлекеттік қызметті автоматтандыру арқылы 97% электрондық түрде қызмет көрсетуге ауыстырылды. Бұрын қызметтердің көбі салық төлеушінің міндетті физикалық қатысуымен ұсынылатын және бұл рәсімге 5-7 күн жұмсалатын. Сондай-ақ, Қазақстанда салық төлеушілердің 99% декларацияны тек электронды түрде тапсырады», - деді спикер статистикаға тоқтала отырып.