Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Ермек Маржықпаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясындағы Ақмола облысының басты жетістіктері, сондай-ақ 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімдеді.

"Өңірдің басты көрсеткіші – қысқа мерзімді экономикалық индикатор есепті кезеңде 106% құрады (ҚР-да 4-орын). Өсім ең алдымен, нақты сектор салалары есебінен қамтамасыз етілген: өнеркәсіпте - 102,4%, ауыл шаруашылығында - 106,5%, құрылыста - 118,1%. Ақмола облысының негізгі капиталына түскен инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,5% - ға өсті. Сонымен қатар, жеке инвестициялардың үлесі 82% - ға дейін өсті", - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Бүгінде өңірде 60 индустриялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл облыс экономикасына шамамен 400 млрд. теңге тартуға және 3,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде 19 жоба Индустрияландыру картасына енгізілген. Ірі жобалар қатарында - жылына 6 тонна алтынға дейінгі қуаты бар тау-кен металлургия кешенінің құрылысы («RG Processing» ЖШС). Жобаны іске қосу облысқа түсті металлургияда жетекші позицияны нығайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде облыс республикалық көлемнің үштен бір бөлігін өндіруде.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Ақмола облысында жалпы астық жинау 5,0 млн. тоннаны құрады,орташа өнімділік гектарынан 11,5 центнер. Ауыл шаруашылығы секторына инвестициялар өткен жылғы деңгейден 1,5 есеге артқан.

Ермек Маржықпаев облыс орталығы – Көкшетау қаласын дамыту мәселелеріне жеке тоқталды. Өсіп келе жатқан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қала шекарасында жаңа аумақтарды игеру басталды.

"2013 жылдан бастап мұнда 35 көп қабатты үй (1370 пәтер) салынды. Басты жоспарға сәйкес «Сарыарқа» ауданында келешекте 200-ден астам үй (16380 пәтер), 2400 орындық 3 мектеп және 440 орындық 9 балабақша салу көзделген. Қазіргі заманғы көп қабатты үйлер қаланың орталық бөлігін кешенді түрде тұрғызып жатыр, Қопа көлінің жағалауындағы айналма жолдың құрылысы басталды, Қылшақты өзені арқылы өтетін автомобиль көпірі салынуда",- деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы туризм саласындағы басым бағыттардың бірі туралы да айтып берді.

Қазақстанның басым 10 туристік аймағына қосылған Щучье-Бурабай курорттық аймағына ерекше назар аударылады. Осы контексте жұмыс үш жоба бойынша жүргізіледі - Біріккен Араб Әмірліктерінен шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын Щучье көліндегі коттедж қалашығының, «AQBURA Resort» отбасылық үлгідегі заманауи курортының құрылысы және Бурабай кентінде "Promenade" жобасын іске асыру демалыс және табиғи-мәдени мұра орталығы ретінде салыну жоспарда бар.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!