Тәжірибе көрсеткендей, білім беру мекемелерінде жәбірлеу жағдайлары тіркелмейді және көп жағдайда байқалмайды. Аса қатыгездікпен жасалған фактілер ғана кеңінен жария етілген жекелеген жағдайлар ғана бар, бірақ, әдетте, мектеп әкімшілігі оларды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдамайды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді.

Оның айтуынша, педагогтар жәбірлеуге ұшыраған балалармен болған оқиғаны талқылап, жанжалдасушы тараптарды татуластыруға тырысады.

«Құқық бұзушыға тәртіптік шаралар қолданылады, ал жәбірленуші әлеуметтік педагогқа немесе психологқа жіберіледі. Бұл ретте басшылар, мұғалімдер, психологтар және әлеуметтік педагогтар жәбірлеуге қатысушыларға тиімді психологиялық көмек көрсету дағдыларын әрдайым меңгере бермейді. Мәселенің ауқымы мен күрделілігіне қарамастан, білім беру жүйесі зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Алайда, қолданыстағы заңнамада бұл ұғым қарастырылмаған, осыған байланысты БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган ретінде Парламент депутаттарының «жәбірлеу (буллинг)» терминологиясын айқындайтын және білім беру процесінде нормативтік–құқықтық актіні әзірлеу бойынша БҒМ құзыретін кеңейтетін нормаларды енгізу жөніндегі заңнамалық бастамасын қолдайды», - деп хабарлады спикер.

Адамдардың көбі осы норманы енгізудің орындылығына күмәнмен қарайды. Бірақ «жәбірлеу» мәселесін шешу заңнамалық деңгейде бекітуді талап етеді – деп сенімді ведомстводағылар. Әдістемелік ұсынымдар мен НҚА әзірлеу кезінде бұл процеске ғылыми сарапшылар, жетекші психологтар мен тәжірибелі педагогтар мен көпшілік тартылады.