Қазақстан ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің зақымдануынан сақталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

2020 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден зиянкестермен күреске 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жәндіктердің таралу ошақтарын анықтау үшін мыңнан астам маман тартылды. GPS навигаторлар мен трекерлердің көмегімен олар шамамен 40 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін зерттейді. Сондай – ақ, химиялық өңдеуге 150-ге жуық арнайы техника-ұшақтар мен аса жеңіл авиация кемелері, жер үсті бүріккіштері мен аэрозольдік газ генераторлары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Жамбыл және Түркістан облыстарында марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды, итальяндық прус, азиялық шегірткені, сондай-ақ тұрақсыз зиянкестерді жою жұмыстары аяқталуда.

«Химиялық өңдеу жоғары биологиялық тиімділігі бар оңтайлы мерзімде жүргізіледі. Материалдық құралдарды дер кезінде дайындау және мамандардың жұмысын тиімді үйлестіру, ауыл шаруашылығы дақылдары егістігінің зақымдануы, сондай-ақ шегіртке зиянкестерінің көрші мемлекеттер аумағына көшуі нәтижесінде қазіргі уақытта байқалмайды», - деп атап өтті А.Сапаров.