Елімізде «Жұмақтың кілті ананың табанының астында» деген керемет сөз бар. Әр кезде өмірдегі рахметімізді, ерекше сезімімізді бірден аналарымызға арнаймыз. Осы ойлар «Великие матери выдающихся личностей» деген кітапта жазылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кітаптың тұсаукесері барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану докторы, профессор Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деді. Автордың айтуынша, кітап аналарымыздың шексіз махаббатына, олардың балалардың келешекте бір елдің мақтанышы болса деген ерекше ықыласына арналған.

«Бұл кітаптың ішінде елімізге байланысты тұлғалардан, мемлекеттік қайраткерлерден басқа, спорт саласындағы Мұхамед Әли, Пеле болсын, ғылым саласында Томас Эдисон бар, басқа да қоғам қайраткерлерінің әр саладан арналған тұлғалар жайлы жазылған. Негізгі мақсат – сол тұлғалардың өмірбаянын емес, аналардың өз ұрпағының елі үшін еңбек ету дәрежесіне жету жолында сіңірген еңбегі жайлы айту», - деді. А.Мұхамедиұлы.

Автор «Ұлы аналар» кітабының баршаға пайдалы, ерекше сезім беретін кітап болатынына сенімін білдірді.