Бұл қаржы агроөнеркәсіпті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов журналистің қойған сұрағына берген жауабында осылай деді.
«Елімізде құс фабрикаларына өндірілетін өнімге берілетін субсидиялар бар. Нақтырақ айтқанда, субсидиялау өндірілген құс етіне және өндірілген жұмыртқа өніміне қарастырылған», - деді Е.Ахметов.
Сонымен қатар, брифинг барысында спикерлер Қазақстанда құс тұмауынан зардап шеккен кәсіпорындарға да қолдау көрсетілетінін атап өтті.