Ашық нарықтық экономикада тұрғын үй бағаларын сұраныс пен ұсыныс өзі реттейді. Экономиканың нарықтық қатынастарының өзіндік заңдылықтары бар. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев осындай пікірін жеткізді. Оның айтуынша, қайталама нарықта тұрғын үй бағасын белгілеу мүмкін емес. Ал мемлекеттің есебінен салынып жатқан үйлердің шаршы метрі үшін нақты бағалар бекітілді.

«Алматы жастары» сияқты мемлекеттік бағдарлама аясында қайталама нарықтан баспана алуға рұқсат берілген кезде бағалар шарықтап кетеді. Қазіргі кезде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйдің шаршы метрі үшін бағалар бекітілді – Нұр-Сұлтан қаласында – 220 мың теңге, Алматы қаласында – 240 мың теңге, Шымкентте 200 мың теңге, өңірлерде 160 000-180 000 теңге», - деді Жансұлтан Матаев журналистің қойған сұрағына берген жауабында.

Айта кетейік, арендалық үйлердің құны шаршы метріне 140 000 -180 000 шамасында құрады.