5 жыл ішінде Қазақстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер нарығына көкөністер экспортының көлемін 9 есеге, жемістер экспортын 4,5 есеге, сүт өнімдерін 2 есеге ұлғайтты және мұнымен шектелер емес. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін де, терең қайта өңдеу өнімдерін де экспорттау көлемін едәуір ұлғайту бойынша әлеуетке ие. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков мәлім етті.

Алайда, оң үрдіске қарамастан, іс жүзінде қазақстандық тауарлардың еркін қозғалысына қатысты проблемалар әлі де туындауда.

«Бұған саудада әлі күнге дейін сақталып отырған кедергілер мен тосқауылдар себеп, олар әлі де жойылған жоқ. Әдетте, олар ұлттық деңгейде сауда қозғалысын шектеуге мүмкіндік беретін Одақ құқығындағы қолданыстағы сілтемелік нормалармен байланысты болады. Қазіргі уақытта аграрлық сектордың дамуына теріс әсер ететін 20-дан астам кедергі бар. Бұл кедергілердің негізгі көлемі фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық бақылау, сондай-ақ техникалық реттеу салаларына тиесілі», - деп атап өтті спикер ведомствоның кедергілерді жою, экспорттық әлеуетті іске асыру және ғалымдармен ынтымақтасу бойынша жұмысты жандандыруға ниетті екенін айта отырып.

Жаңа технологиялар ғана емес, АӨК саласында тапшы кадрларды қайта даярлау қажет.